Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

Арыс қаласында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған didarbek.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Қазіргі денсаулық сақтау ісі қымбатқа түсетін стационарлық емге емес, негізінен аурудың алдын алуға бағытталуға тиіс. Саламатты өмір салтын насихаттай отырып, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейту керек» деп атап өткен болатын.
Осы орайда, бүгін Арыс қалалық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Арыс аудандық орталық аурухана қызметкерлерінің бастамасымен, Арыс қаласының ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған қала аумағындағы денсаулық сақтау мекемесінің мамандары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысты.


Дөңгелек үстел барысында, Арыс аудандық орталық аурухананың денсаулық нығайту маманы А.Оразбаева «Ұлттық алкогольді тұтынудан бас тарту күніне орай, өтетін он күндік» тақырыбында, жұқпалы аурулар дәрігері Г.Ақылбекова «Сақтандыру. Қорғау. Екпе егу» Ұлттық бағдарламасы аясында және маммолог дәрігері С.Әшімов «Алдын алу емделуден оңай» тақырыптарында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мұндай игі істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Пікір жазу