Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бағдарламалық мақала аясында дәріс оқылды

Бағдарламалық мақала аясында дәріс оқылды

Түркістан облысы Кентау қаласында Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы аясында дәріс оқылды, деп хабарлайды didarbek.kz ақпараттық агенттігі.  

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Кентау қаласында қала басшылары мен зиялы қауым өкілдері жастарға дәріс оқуда. Яғни, Елбасы мақаласында көрсетілген айқын басымдықтарды жастар бойына сіңіріп, рухани жаңғыруды жете түсіндіруде.
Кентау қаласындағы гуманитарлық-техникалық колледжінде қала әкімінің орынбасары Самат Расұл, Кентау қаласы арнаулы кәсіптік колледжінде «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков, Кентау көпсалалы колледжінде Кентау қаласының құрметті азаматы, ардагер-ұстаз Өмірбек Жүсіпов, Кентау колледжінде қала әкімі жанындағы әйелер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары Маржан Кривенцова жастарға арнайы дәріс оқыды.
Сонымен қатар, жиында қалалық Жастар ресурстық орталығының мамандары «Жастарға керек 1001 дерек» және басқа да анықтамалық кітапшаларын таратты.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*