Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Облыстық ақпараттық-насихаттық топ Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихат топтардың тұрғындармен кездесуі өтуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Қайрат Нүкенов Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті.


Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Нұрбек Бадырақов, түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Салкен Жаппарқұлов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы, профессор Сейдулла Садықов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кафедра меңгерушісі Айдарбек Амирбек қатысты.
Алғаш болып баяндама жасаған Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттер жайында айтып өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Нұрбек Бадырақов Жолдаудағы айқын басымдықтарға кең көлемде түсіндіріп өтті.
Ал, жарыссөзге шыққан облыстық мәслихат депутаты Зұлпархан Чалданов Жолдау ұстаздар қауымына үлкен қуаныш сыйлағандығына тоқталды.. Яғни, Жолдау жүктеген мінеттерге орай «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы жасалып, олардың лайықты еңбек ақыларын алуына жағдай жасау ісі қаралатынын жеткізді.
«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков көшбасшы партия мүшелері Жолдауда атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және саяси тұрақтылықты, халықтың әл-әуқатын арттыруды қамтамасыз етуге жұмыла жұмыс жасайтындығын сөз етті.
Жастар атынан сөз алған Жастар ресурстық орталығының инспекторы Азат Сұлтан Елбасы әрқашан жастарға ерекше назар аударып отыратындығына тоқталды. Сондай-ақ, келер жылды «Жастар жылы» деп жариялауы жастарға үлкен жігер сыйлағандығын айтып өтті.
Жиынды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Қайрат Теміршотыұлы саяси құжатта көтерілген мәселелер еліміздің әлемдік бәсекеге қабілетті дамуына жол ашатындығын айтты.
— Қазақстанның даму жолы айқындалды. Ендігі жерде білім, медицина, туризм, агро өнеркәсіп және халықты қол жетімді баспанамен қамту жұмыстары жүргізіледі. Кентау қаласында да бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Елбасы Жолдауына орай ауылды жерлерді гүлдендіруге де арнайы жобалар жасалмақ. Бұл бағытта да облысымызда көптеген істер жүзеге асады. Жалпы еңбек етемін деген адамға елімізде барлық жағдай жасалған. Елбасының ұстанған саясаты бүгінде өз нәтижесін беруде — деген Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ақпараттық насиxат тобының жетекшісі Қайрат Нүкенов барша кентаулықтарды Жолдауды қолдауға және оның орындалуына ат салысуға шақырды.
Қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Жолдауды түсіндіру ісіне облыстан арнайы келген ақпараттық – насихат топ төрағасы мен мүшелеріне алғыс айтты. Сондай-ақ, көпшілікті Елбасы Жолдауында көрсетілген айқын басымдықтарды Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда толыққанды жүзеге асыруға және бұл бағытта біргелікті жұмыс жасауға шақырды.

 

Пікір жазу