Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Кентау қаласының елді-мекендерінде болды

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Кентау қаласының елді-мекендерінде болды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын кеңінен насихаттау бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Кентау қаласы, Оранғай ауылының тұрғындарымен кездесті.


Ауылдық мәдениет үйінде өткен жиынға облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Салкен Жаппарқұлов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің аға оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Сейдулла Садықов, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің кафедра меңгерушісі, саясаттанушы, сарапшы Амирбек Айдарбек қатысып, жолдаудағы айқын басымдықтар бойынша кең көлемде мәлімет берді.
Жарыссөзге шыққан ауыл тұрғындары Елбасының Жолдауына сәйкес алдағы уақытта да үлкен жобалар жасалып, игі істердің атқарылатындығына сенім білдірді және бірауыздан жолдауды қолдайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы  5 қазан күні жарияланған болатын.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*