Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТАРИХЫ ҒАСЫРДЫ ЕҢСЕРГЕН БІЛІМ ОРДАСЫ

ТАРИХЫ ҒАСЫРДЫ ЕҢСЕРГЕН БІЛІМ ОРДАСЫ

Киелі Түркістан топырағында тарихы тереңге бойлап, қаншама қиын-қыстау замандарды бастан кешкен, ешбір қиындыққа мойымай жастардың сауатын ашу жолында еңбек еткен білім ордалары баршылық. Солардың бірі – Хамза атындағы №2 жалпы орта мектебі 100 жылдық мерейтойларын атап өтті, деп хабарлайды Түркістан қаласының білім бөліміне сілтеме жасаған didarbek.kz.

ргесі 1918 жылы қаланып, содан бері мыңдаған шәкірттерге алтын ұя атанған мектеп ұжымы айтулы мерекеге тиянақтылықпен дайындалғаны мектепке енбей-ақ байқалады. Қаланың қақ ортасында орналасқан білім ұясының ұстаздары мен оқушылары қонақтарды биязылықпен күтіп алып, мектептегі пән бірлестіктері дайындаған көрмемен таныстырды. Мектептің тарихынан сыр шертетін қойылымды тамашалаған қонақтар мектептің іргесі қалай қаланғанына көз жеткізді. Алыс-жақыннан келген мектептің ардагер ұстаздары мен түлектері, қаламыздағы білім мекемелерінің басшылары, оқушылар мен ұстаздар алдында сөз алған қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы Рысбеков мектептің терең тарихынан сыр шертіп, тың деректерді жеткізді. Мектеп ұжымына ізгі ниеттерін жеткізген Ғани Құрмашұлы бірқатар үлгілі ұстаздарға қала әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті. Ал, Республикалық «Дустлик» Ассоциациясының президенті Икрамжан Хашимжанов та жылы лебіздерін ұстаздарға арнап, мектеп директоры Замир Мұхамеджановпен қатар тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дилрабо Зайниддиноваға оқушыларды Отансүйгіштік, патриоттық рухта тәрбиелеудегі еңбектері үшін Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының арнайы медалдарын табыс етті.

Сонымен қатар, осы мектептің түлегі, бүгінде Өзбекстан Республикасына танымал ғалым атанған Профессор Жамила Талипова да көршілес елдің ыстық ықыласын жеткізіп, арнайы марапаттарын табыстады.
Мерекелік шара мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасымен жалғасын тауып, жас өнерпаздар қайталанбас концерттік бағдарламасымен жиналғандарды тәнті етті. Ыстық ықылас пен жылы лебіздер, марапаттар ақ дастархан басында жалғасып, қонақтар мен мектеп ұжымы мерекелік көңіл-күйде болды.

Пікір жазу