Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТТА COWORKING – ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ҚАЗЫҒҰРТТА COWORKING – ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім Орталықтары» партиялық жобасы аясында, Қазығұрт ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ауданымызда тағы да бір қуанышты жаңалық орын алды. Ауданның қақ ортасында орналасқан, Қ.Өміралиев атындағы аудандық орталық кітапхана базасында, Қазығұрт ауданында алғаш болып коворкинг — орталығы ашылды.

Негізі коворкинг ағылшын тілінен (coworking) аударғанда – «бірігіп жұмыс істеу» деген мағынаны білдіреді. Сол себепті, жобаның басты мақсаты да айқын, яғни, барлық санаттағы жастардың, ауыл тұрғындарының ақпараттық қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру үшін үздік әлемдік тәжірибені пайдаланып, кітапхананың жаңа заманауи үлгісін құру, жаңа технологияны ендіру болып табылады. Сонау 1943 жылдан бастап іске кірісіп, бүгінгі таңда 75 жыл толып отырған орталық кітапхана осы кезеңге дейін көптеген өзгерістерді бастан өткерді. Қазіргі таңда, Қазығұрт аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде 23 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Орталық кітапхана, Балалар кітапханасы және 21 ауылдық кітапхана жұмыс жасайды. Бүгінгі таңда аудандық кітапханадағы кітап қоры 237286 – данаға жетсе, оқырмандар саны шамамен 12755 адамды құрап отыр.


Іс-шараға, «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Телғараев Төлеген Тұртайұлы, «Нұр Отан» партиясы Қазығұрт аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қожахан Әбілқасым Өмірбайұлы, Аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Омаров Аманбай Жанұзақұлы, ауыл ардагерлері, Қазығұрт ауданының төбе биі Телікбаев Иса, аудандық мәслихат депутаты Сеңгірбаев Сейділлә Ілесұлы, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жаншуақов Әбубәкір Қалтайұлы, БАҚ өкілдерінен аудандық «Киелі Қазығұрт» газетінің бас редакторы Мамбеталиев Сержан Досалыұлы және «Қазығұрт тынысы» газетінің өкілдері, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Қыпшақбаев Сағи Абайұлы, Қ.Өміралиев атындағы аудандық орталық кітапхана директоры Дәулетбаева Гүлсім Кәрімқызы, орталық кітапхана ұжымының қызметкерлері қатысты.


Іс-шара барысында, орталық кітапхана директоры Г.Дәулетбаева коворкинг-орталығының жұмысымен, жан-жақты таныстырып, түсіндіріп өтті. Осылайша аудандағы алғашқы коворкинг-орталығының лентасы қиылып, өз жұмысын бастап кетті.

Пікір жазу