Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТАРАЛ: МАҚТААРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

МАҚТАРАЛ: МАҚТААРАЛ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА БАСШЫ

Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов Мақтаарал ауылдық округінің активіне округтің жаңа басшысын таныстырды. Сайлаудан жеңіп шыққан Ибраев Алим Джумадуллаевич аудан әкімінің өкімімен жеке еңбек шартына сәйкес, міндетті арнайы тексеруден өткенге дейін Мақтаарал ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы болып тағайындалды.

«Мақтаарал ауылдық округі – Мақтаарал ауданының кіреберіс қақпасы. Келген қонақтар біздің ауданды Сіздерге қарап таниды. Сондықтан да, округте абаттандыру мен тазалық жұмыстарын мықтап қолға алуды жаңа әкімге жүктеймін» — деді Бақыт Нәсірханұлы.

А.Ибраев 1971 жылы ОҚО, Мақтаарал ауданында туылған. 2005 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін аяқтайды.

Еңбек жолын 1990 жылы «Мақтаарал» компаниясында механик болып бастайды. 1996 жылы «Арғымақ цехы» ЖШС-нің бастығы, 2003 жылы директорының орынбасары болып қызмет атқарған.

2009 жылдан бастап Мақтаарал ауылдық округінің бас маман-заңгері міндетін атқарушы, 2010 жылы бас маман-заңгері болып еңбек етті.

2018 жылдың тамыз айынан бастап қазірге дейін Мақтаарал ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы болып жұмыс жасады.

Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*