Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҚАЗЫҒҰРТ БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАРАЙДЫ…

ҚАЗЫҒҰРТ БОЛАШАҚҚА БАТЫЛ ҚАРАЙДЫ…

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қазығұрт ауданының әкімі Т.Телғараевтың Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауындағы  міндеттердің ауданда жүзеге асырылуы бойынша баспасөз-конференциясы өтті. Аудан жетістіктері кеңінен айтылып, алдағы жоспарлардың да ауқымды екені байқатылды. Әсіресе, білім саласындағы жетістіктер ауыз толтырып айтарлықтай-ақ.

Білім – ғылымның іргетасы жəне мемлекет дамуының алтын арқауы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған барлық Жолдауында білім беру саласы қызметкерлеріне үлкен міндеттер жүктеп келеді. Ең бастысы, адами капитал сапасын жақсарту.

Білім сапасының басты көрсеткіші – ҰБТ. 2016 жылы ҰБТ-ның орта балы – 75,8 болған, қатысу пайызы – 74,4% еді. 2017 жылы 11 сыныпты бітіруші 1640 оқушыдан 1156 оқушы (70%) ҰБТ-ке қатысуға өтініш беріп отыр. 2017 жылы ҰБТ орта балын 77–ге жеткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Балаларды жазғы демалыспен және сауықтырумен қамту үшін биылғы жылы 4 демалыс лагері жұмыс жасайтыны белгілі болды – қала сыртындағы 4 сауықтыру лагерлерінде 3656 оқушы демалатын болса, олардың:

* «Қазығұрт –Турбаза» демалыс лагерінде – 120,

* Түлкібас аудан «Орбита» лагерінде – 1050,

* «Мейіржан» демалыс лагерінде – 500,

* «Шапағат» демалыс лагеріне – 500 оқушы демалады.

Өзекті мәселенің бірі – ауданда демалыс лагерьлерінің болмауы болатын, биылғы жылы Қақпақ а/о мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 300 орындық заманауи лагерь құрылысы жеке кәсіпкер арқылы жүзеге аспақ.

Өз тілшімізден

Пікір жазу