Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Төлебиде IT шеберлік сынып кабинеті ашылды

Төлебиде IT шеберлік сынып кабинеті ашылды

Бүгін Төлеби ауданы, Ленгер қаласы, №2 Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектебінде «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен балалар үшін – тегін IT шеберлік сынып кабинетінің ашылу іс-шарасы өтті.
Бұл іс-шарада аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Тұрғанова қатысып, ізгі тілектерін арнады.

Сондай ақ,мектеп ұжымы, ата-аналар, оқушыларда қатысты. Шеберлік кабинеттің ашу лентасын «Нұр Отан» партиясы Төлеби аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қансейітов пен аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева қиып, бұл игілікті басқа мектептерге де жалғастыратынын айтты.
IT- сыныптары мектеп оқушыларының цифрлы сауаттылығын дамытуға бағытталған күрделі жоба. Бұл жоба аясында еліміз бойынша 1000 IT-сынып ашылып, онда жылына 8-16 жас аралығындағы 150 мың бала бағдарламалау және робот техникасының негіздері жайында Еуропалық білім беру стандарты негізінде тереңдетілген білім алады.
Бұл жоба өз ауданымызда да қолға алынып жергілікті Нұр отан партиясының қолдауымен алғаш рет №2 Ш.Уалиханов атындағы мектепте ашылып отыр. Жоба аясында ауданның оқушылары IT-сыныпта өз шығармашылықтары мен идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

Оқушылар үшін робот техникасы, логикамен компьютерді модельдеу бойынша арнайы курстар енгізілуде. Жаңа бағдарлама көмегімен балалар 3D нысандар мен вертуалды өз арманындағы қалаларды құрастыра алады. Болашақта дәстүрлі мамандарды жаңа кәсіп иелері алмастыруда бұл жобаның алар үлесі зор. Биылғы оқу жылында бір мектеп ашылса, келесі оқу жылында үш сынып ашу жоспарлануда.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір жазу