Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Сенаторлар Төлеби ауданында болды

Сенаторлар Төлеби ауданында болды

Бүгін Төлеби аудандық мәдениет үйінде 2018 жылы 05 қазан күнгі Қазақстан Републикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бойынша кезекті жиын өтті. 

Жиынды аудан әкімі Бауыржан Бақытұлы ашып, жүргізіп отырды. Жалпы жылдағы дәстүр бойынша Елбасы Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында республикалық, облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-насихаттық топтар құрылып, жыл бойы кезең-кезеңмен жұртшылықпен кездесулер өткізілетіндігі белгілі.
Бүгін осындай мақсатпен Елбасы Жолдауын насихаттауды іске асыру мақсатында Қазақстан Республикалық Парламенті Сенатының депутаттары: Бейсенбаев Асқар Асанұлы, Бектаев Әли Әбдікәрімұлы, Құртаев Әлімжан Сейітжанұлы келіп насихаттық жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, кездесуге мәслихат хатшысы, аудандық және бастауыш ардагерлер ұйымының төрағалары, зиялы қауым, этномәдени орталықтардың өкілдері және ауылшаруашылық сала мекемелерінің қызметкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Баяндаманы бірінші боп Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлы бастады.
Сенат депутаты өз баяндамасында жолдаудың негізгі ережелеріне тоқталып өтті.
Ары қарай жарыссөзге қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдукаимов Ордабек және аудан жастары атынан Амангельдиев Жандос Амангелдіұлы шықты. Жарыссөзден соң пікір алмасу, сұрақ-жауапқа беріліп, жиынға келушілер өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып жауаптарын алды.

Жиынды Қазақстан Республикалық Парламенті Сенатының депутаты Бейсенбаев Асқар Асанұлы қорытындылады.
Жиын соңында «Бүгінде барша Қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз» деді аудан әкімі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы.

Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір жазу