Басты бет » Ауыл жаңалықтары » САЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЖИЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЖИЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің ұсыныстарына сәйкес, ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің ұйымдастыруымен салық саласының қызметкерлері мен сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету мәселелері талқыланған жиын өтті.


Жиынға ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығы мен салық саласының қызметкерлері қатысты.
Кездесуде сөз алған ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев мемлекет тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанына қарамастан, жемқорлық деңгейі жоғары салалардың бірі салық саласы екендігін атап өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Н.Қамбатыров салық саласында орын алған қылмыстарға тоқталды.
Өз кезегінде, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ә.Тілегенов ҚР Қаржы министрлігінің Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.


Жиын барысындақылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыныстар талқыланды.
Кездесусоңында Ғ.Тұрсынбаев қатысушыларға өткізілген кездесуден қорытынды шығаруға және адал аттарына кір келтірмей, еліміздің кемел болашағы үшін бірлесіп жұмыс жүргізуге шақырды

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*