Басты бет » Ауыл жаңалықтары » БІРЛІГІ МЕН ТІРЛІГІ ЖАРАСҚАН — ЖҮЗІМДІК

БІРЛІГІ МЕН ТІРЛІГІ ЖАРАСҚАН — ЖҮЗІМДІК

Келес ауданы Жүзімдік ауылдық округі. Орталығы – Жүзімдік ауылы. Аудан орталығынан — 25 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдық округте 4458 адам қоныстанған. Округке қарасты 4 елді мекен бар, атап айтқанда Жүзімдік, Оңтүстік, Бірлесу және Ақсу елді мекендері. Солтүстігінен Қошқарата ауылдық округімен, шығысында Өзбекстан Республикасы, батысынан Бірлік, оңтүстігінде Бірлесу ауылдық округтерімен шектесіп жатыр.


Ауыл округіндегі әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталсақ үстіміздегі жылы ауыл округіндегі 4 елді мекен бойынша табиғи газ құрылысы аяқталып ел игілігіне пайдалануға беру жоспарлануда. Жүзімдік, Ақсу елді мекендерінде мемлекеттік бағдарлама бойынша электр жүйелерінің (трансформатор, бағаналар, желілер) құрылыс жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ Жүзімдік ауылындағы ескірген электр жүйелері «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС мекемесінің 2017-2021 жылдарға арналған инвест жобасына (жаңғырту бағдарламасына) енгізіліп, кезең-кезеңімен жаңғыртылып жатыр.


Ауыл округінің орталығы Жүзімдік елді мекенінде 2015 жылы жер асты су қорын анықтау жұмыстары жүргізілген болатын. Анықтау жұмыстарының қорытындысы негізінде үстіміздегі жылы ауыз су құрылысы жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*