Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ – АБЫРОЙЛЫ МІНДЕТ

Мемлекеттік қызмет – әр елдің барлық даму сатысындағы басты баспалдағы болып саналатыны белгілі.
Мемлекеттік қызметтің беделі мен мәртебесі онда қызмет еткен азаматтарға тікелей байланысты екені сөзсіз.


Осы орайда, бүгін Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында қала активімен танысу және кездесу мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Тұрсынбаев Ғалым Сұлтанұлының арнайы қатысуымен жиын өтті.
Кездесуге қала әкімі М.Қадырбек, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Кездесу барысында аталған департамент басшысы Ғалым Сұлтанұлы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға заң аясында тұшымды жауаптарын берді.


Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Арыс қалалық филиалында жеке қабылдау өткізіп, қала тұрғындарының өтініштерін тыңдап, тиісті бөлімдерге тапсырмалар берді.
Сапар соңында Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінің ұжымымен кездесіп, балалар үйінің тыныс — тіршілігімен танысты.

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*