Басты бет » Болашақ » ЛИНКОЛЬН – ДУГЛАС НҰСҚАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС

ЛИНКОЛЬН – ДУГЛАС НҰСҚАСЫНДАҒЫ ПІКІРСАЙЫС

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған қызметті ұйымдастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарды іске асыру аясында А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде Ақмола облысы жоғары оқу орындарының және колледждерінің студенттерімен «Мемлекеттік қызмет – қызметтің айрықша түрі және қоғам мен әрбір қазақстандыққа қызмет көрсету борышы» пікірсайыс турнирін ұйымдастырды.

Турнирдің негізгі мақсаты мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, жастардың мемлекеттік қызметке орналасуға ықыласын арттыру, Ақмола облысында студенттік пікірсайыс қозғалысын дамыту. Сайыс ресми ашылу салтанатынан басталды. Департаменттің мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Г.Евниева мен турнирдің бас төрешісі Д.Әубәкірова жиналғандарға құттықтау сөздерін айтып, сәттілік тіледі. Турнирдің барлық резолюцияларының мазмұны тақырыпқа сай болды. Турнир Линкольн – Дуглас форматында өтті, ереже бойынша спикерлер жеке сөйледі. Әр спикер талдамалық және сындарлы ойлау, өз ұстанымын қорғау, байланысқа бейімділіктерін, білгірліктері мен жаңашылдығын, сондай-ақ кенет жағдайларда тез әрекет жасау сияқты қабілеттерін көрсетті.

Турнирдің ақтық ойыны ерекше қызықты өтті, онда өнер шеберлігін жетік меңгерген үздік спикерлер кездесті. Турнирдің қорытындысы бойынша А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті Динара Ауталипова жүзден жүйрік шығып, турнирдің кубогін жеңіп алды.Екінші орынды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті Әділжан Тұраров иеленсе, үшінші орын Көкшетау техникалық институтының студенті Асхат Байзақовқа берілді. Жүлделі орындарға ие болған турнирдің қатысушылары дипломдармен және естелік сыйлармен, қалған қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Өз тілшімізден

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*