Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Көкейтесті » ҚАЛА ӘКІМДІГІН ТАРАП КЕТКЕН ОҚО-НЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮЗЕТЕ МЕ?

ҚАЛА ӘКІМДІГІН ТАРАП КЕТКЕН ОҚО-НЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮЗЕТЕ МЕ?

Бүгін кешке Шымкент қаласы әкімдігінің есік аузында тұрған полиция аға лейтенанты Сәбит Ыдырысұлы Тасқынов журналистерге: «Смартфоныңды тастамасаң, ішке кірмейсің» деп, жолдарын бөгеп қойды. Өзін таныстыруды өтінгенімізде, мына бір куәлігін жылтың етіп көз алдымыздан өткізді. Сөйтсек, тарап кеткен Оңтүстік Қазақстан облысының ОХ №03796 куәлігі екен. Онда: «МВД РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН. ГУ УПРАВЛЕНИЕ СПЕЦИАЛИЗИРОВАННОЙ СЛУЖБЫ ОХРАНЫ ЮЖНО-КАЗАХСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ» деп жазған екен. Тіпті Т.М.Тілеубердиевтің қолы қойылған болып шықты.

Сонда әкімдікті жалған полицейлер күзетіп жүр ме? Бұл қалай болды екен? Білуімізше, Оңтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаменті тарап, Түркістан облыстық және Шымкент қалалық полиция департаменттері құрылған жоқ па? Полиция басшыларының бәрі ауысып кеткенде, Тілеубердиев пен оның «БАСҚАРМАСЫ» орнында қалған болды ғой?
Мына куәлікті жалған деуге болатын сияқты. Куәлік жалған болса, оны ұстап тұрған полиция қызметкері де жалған емес пе? Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан облысы болып қайта құрылғанына да төрт айдан асты. Сонда полиция қызметкерлері Президентімізге бағынбай ма?
Бұл шикіліктің аражігін кім ажыратып береді? Ғабидолла Әбдірахымов мырза, сізді кім күзетіп жүргенін неге білмейсіз?

Өз тілшімізден

Пікір жазу