Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢАДАН 8 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ АШЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ЖАҢАДАН 8 МЕДИЦИНАЛЫҚ МЕКЕМЕ АШЫЛАДЫ

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына арнайы іс — сапармен келді. Министр облыс әкімі Жансейіт Түймебаевпен бірге Түркістан қаласындағы бірқатар емдеу мекемелерін аралап, тыныс-тіршілігімен танысты. 

Медицина қызметкерлерімен кездескен еліміздің бас дәрігері Президент жолдауының негізгі міндеттерін жан-жақты түсіндіріп, медицина саласын жандандыру мақсатында алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.

Сондай-ақ, министр жоғары медициналық колледждің жұмысымен танысты. Еліміздегі ең үздік колледж атанған білім ордасының техникалық базасы заманауи қондырғылармен толық жабдықталған. 1965 жылы негізі қаланған білім ошағында бүгінде 2,5 мыңға жуық студент білім алуда.

Кездесу барысында аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев колледж студенттерін сапалы білім алып, алдағы уақытта Түркістан қаласында жаңадан ашылатын 8 бірдей медициналық мекемеге жұмыс істеуге шақырды.

Сонымен қатар, министр қалалық емханасына да ат басын бұрды. 2013 жылы ашылған 500 орынға шақталған. Бүгінде емдеу мекемесіндегі қызмет көрсету процесі 100 пайыз сандық жүйеге көшкен. Елжан Біртанов осы жүйені өзге мекемелерге үлгі ету керектігін жеткізді. Яғни, келесі жылдан бастап, барлық емханалар мен ауруханалар медициналық құжаттарды қағазсыз, цифрлық нұсқада жүргізуге көшуге міндеттелген. Бұл азаматтардың денсаулық сақтау кітапшаларының электронды нұсқада жасауға, емдеу мекемелердегі ұзын-сонар кезектерді жойылуына, бюрократиядан арылуға, қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін айтады денсаулық сақтау министрі.

 

«DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*