Басты бет » ОҚО жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚЫС МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімдігінде облыс басшысы Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде өңірдің қыс маусымына дайындық жұмыстары пысықталды. Жиында Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н.Жүнісов, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Б.Полатбеков,  облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мырзабаев, «Қазавтожол» ҰК АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы М.Дүйсембеков,  баяндама жасады.

Мәжілісте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасары Б.Полатбеков өңірдегі 2830 бюджеттік мекеме жылу маусымына толық дайын екендігін айтты.

Басқосуда облыс әкімі Жансейіт Түймебаев аудандарда әлі де газ құбырын тарту жұмыстары кенжелеп жатқандығын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Шардара сынды аудандарда көмір бағасының шарықтап кеткендігін айтып, бағасын тұрақтандыруды тапсырды. Бұдан өзге, облыс көлемінде электр энергиясының жиі сөнетіндігін сынап, 53 мың кВт жарық берілмегендігін жеткізді. Бұл салада аудан басшыларына тапсырма жүктелді.

Сонымен қатар, жиында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы М.Мырзабаев өңірдегі облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын қысқы мерзімде күтіп ұстау жұмыстарына қаржы бөлініп, жұмыстар атқарылып жатқандығын жеткізді.

Жиында «Қазавтожол» ҰК АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының басшысы М.Дүйсембеков бүгінгі күнде «Қазақавтожол» ЖШС ОҚО филиалы 766,2 шақырымға қысқы күтілім бойынша дайындық жұмыстарын жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Жиынды қорытқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің қыс маусымына дайындық жұмыстарын пысықтауда аса мұқият болу керектігін айтты. Сондай-ақ, Түркістан-Шымкент, Шымкент-Сарыағаш бағытындағы автомобиль жолында жол көлік оқиғасының жиілеп кеткендігін баяндап, ол жерлерге арнайы белгішелерді орнатуды, қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруды қажеттігін тапсырды.

 

«DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*