Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫСТА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

АРЫСТА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Құтқарушылардың күн сайын, әр сағатта атқаратын істерінің маңыздылығы мен мәнділігін айтсақ орынды.
Күн сайын қандай қиыншылыққа тап келсе де, төтенше жағдайлар қызметкерлері мейірімділігі мен өз ісін абыроймен атқаруға бар ынталарымен кірісуде.


Орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жою барысында жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқаратын іс-шаралардың тиімділігі іс-жүзінде дәлелденіп келеді. Осы жұмыстардың нәтижесі – мыңдаған құтқарылған өмірлер.
Осы орайда, бүгін қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының төтенше жағдайларға қарсы қызметінің құрылған күні кәсіби мерекесіне орай салтанатты іс-шара өтті.
Шараға қала әкімінің аппарат басшысы Т.Анашбеков, қалалық мәслихат аппаратының басшысы М.Сыдықов, төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.


Жиын барысында қала әкімінің аппарат басшысы Т.Анашбеков жиынға қатысушыларды мерекемен құттықтап, бірқатар азаматтарды қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Шара соңында мәдениет үйінің өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, өз өнерлерін паш етті.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*