Басты бет » Ауыл жаңалықтары » РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

РУХАНИ КЕЛІСІМ – ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ

1992 жылы 18 қазанда Алматы қаласында Әлемдік Рухани Келісім Конгресінің бірінші сессиясы болып өтті. Адамзат таихында алғаш рет дін, мәдениет, қайырымдылық және түрлі қоғамдық ұйым, жалпы руханият саласының өкілдері бас қосып, арнайы манифест қабылдап, бірауыздан 18 қазанды рухани келісім күні деп білгелеген болатын.

Осы мақсатта, бүгін Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында «18 қазан Рухани келісім күніне» орай салтанатты жиын өтті.

Жиынға  Арыс қаласы әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Төлепов, қаламыздың бас имамы А.Абдулкамал, Шымкент қаласының Арыс қаласындағы Божией Матери қазан иконасы приходы жергілікті православиелік діни бірлестігінің өкілі А.Горбачев, қала және ауылдық округтердегі мешіт имамдары және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.


Шара барысында қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев және қаланың бас имамы А.Абдулкамал құттықтау сөз сөйлеп, мешіт имамдары қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 

 

 «DIDARBEK

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*