Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫСТА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

АРЫСТА БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы өзекті мәселелердің бірі – салауатты өмір сүру, оны халыққа кеңінен насихаттау.


Осы мақсатта қаламыздағы спорт денешынықтыру сауықтыру кешенінде бокстан КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, КСРО және АҚШ командалары арасында өткен кездесудің жеңімпазы, спорт қайраткері Марат Жақсыбаевты еске алуға арналған ашық Республикалық турнирдің ашылу салтанаты өтті.
Іс-шараның басты мақсаты — мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында дене шынықтыру мен спортты дамытуға, жастар арасында спорттың бокс түрін, жалпы салауатты өмір салтын және еліміздің бокс саңлақтарын кеңінен насихаттауға, бос уақытын тиімді пайдалана отырып, спортпен шұғылдануына бағытталды. Бұл іс-шара көптеген жастарымыздың спортқа деген қызығушылығын арттыра түскендігі айқын.

Бұл сөзімізге сайысқа қатысушылар мен оны тамашалауға келген жастардың үлес салмағының өзі дәлел болмақ.
Жарыстың ашылу салтанатына Арыс қаласы әкімінің кеңесшісі, әдеп жөніндегі уәкілі Е.Маханов, қалалық мәслихат хатшысы А.Байтанаев зиялы қауым өкілдері, спорт ардагерлері және жастар өкілдері қатысты.
Аталған жарысқа Өзбекстан және Қырғыстан Республикасынан, облыстан және Астана, Алматы қалаларынан келген 11 командадан құралған 170 жас спортшылар шаршыалаңда сайысқа түседі.

 

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*