Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДІН – ХАЛЫҚ ДӘУЛЕТІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

ДІН – ХАЛЫҚ ДӘУЛЕТІНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Қазіргі таңда азаматтардың дәстүрлі діннен адасып, өзге діннің жетегінде кетіп жатқандығы — қоғамның өзекті мәселесіне айналып отыр. Өйткені, ислам діні біреу болғанымен сан тарауға жіктеп алып, ел арасында іріткі салып жүргендер де қатарымыздан табылуда. Сондықтан, олардың ең басты көздегені – діни білімі аз, көзқарасы қалыптаспаған азаматтарымыздың санасын улау. Әрі қарай, өз қатарына тартып, түрлі арандатушылыққа итермелеу болып отыр.


Осы орайда, бүгін Арыс қалалық ішкі саясат бөлімі және орталық «Ысқақ»мешітінің ұйымдастыруымен Арыс қаласының белгі беру және байланыс дистанциясының қызметкерлері және №17 колледж студенттері арасында «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу», «Дін бірлігі — мемлекет тұтастығы» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесуге Түркістан облысы бойынша ақпараттық-насихаттық топ мүшесі С.Мұсаханов, орталық «Ысқақ» мешітінің бас имамы А.Абдулкамал, «Бекзат ата» мешітінің имамы Қ.Садыбаев және ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Түркістан облысы бойынша ақпараттық-насихаттық топ мүшесі С.Мұсаханов кездесуде: — «Салт-дәстүріміз дегенде әдет-ғұрпымыз бен мәдениетімізге ғана қатысты емес, ұлттық тәлім-тәрбиемізге, даналыққа толы басқа да ізгі құндылықтарымызды айтамыз. Алайда, арамызда ата дінімізге, салт-дәстүрімізге үрке қарайтын әсіредіншілдер пайда болды. Енді осы дінді дұрыс түсіне алмай жүргендер де басқа емес, өз қаракөз бауырларымыз. Ұлт болғаннан соң ғасырлардан жалғасып келе жатқан әдет-ғұрпы, ырым-тыйымдары болады. Кереғар ағымдардың жетегінде жүрген әлгі бауырларымыз мұның бәрін жоққа шығарады. Дұрыс таңдау жасау үшін әрбір азаматтың сол тақырыптың төңірегінде білімі, танымы болуы тиіс»,- деп ислам дінінің адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа толы құндылықтары туралы баяндады.
Кездесу барысында жиынға қатысушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*