Басты бет » Ауыл жаңалықтары » АРЫСТА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

АРЫСТА КҮН ЭЛЕКТР СТАНСАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Арыс қаласында «Задарья-1» күн электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның қуаты — 14 МВт.
7 миллиард теңгеден астам сомаға қаржыландырылатын жоба шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылдың қазан айында электр станциясы үшін бөлінген 30 гектар жер телімінде «Kaz Green Tek Solar» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады. Аталмыш компанияның жалғыз құрылтайшысы француздық Urbasolar SAS компаниясы болып табылады, және де ол – құрылыс жұмыстарының бас мердігері.


2019 жылдың 4-ші тоқсанында жоспар бойынша станса іске қосылып, электр энергиясын жеткізу басталады. Бұл жоғары қосылған құны бар тұтынушылық өнім болып табылатын таза энергияны өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай 3 пайызға жетуі тиіс елдің жалпы генерациясына ЖЭК қатысу үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Аталған жобаның іске асырылу мерзімі 12 айды құрап, құрылыс жұмыстарына 70 адам және тұрақты 30-50 адам жұмысқа тартылатын болады. Жоба иесі «Kaz Green Tek Solar» ЖШС – і (жекеменшік). Кәсіпорын өндірілген электр энергияны «КEGOС» АҚ-на (электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы) сату арқылы жұмыс жасайтын болады. Қалаға  қажетті электр энергия тапшылығын жоюға әсерін тигізеді.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*