Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Облыстық ақпараттық-насихаттық топ Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

Облыстық ақпараттық-насихаттық топ Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық-насихаттық топтардың тұрғындармен кездесуі өтуде. Облыс әкімінің бірінші орынбасары, ақпараттық-насихаттық топ жетекшісі Қайрат Нүкенов Кентау қаласының тұрғындарымен кездесті.


Жиынға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Нұрбек Бадырақов, Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров, облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Салкен Жаппарқұлов, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ролан Ибрагимов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ аға оқытушысы, профессор Сейдулла Садықов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ кафедра меңгерушісі Айдарбек Амирбек қатысты.
Алғаш болып баяндама жасаған Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров Елбасы Жолдауынан туындаған міндеттер жайында айтып өтті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы, топ жетекшісінің орынбасары Нұрбек Бадырақов Жолдаудағы айқын басымдықтарды кең көлемде түсіндіріп өтті.


Ал, жарыссөзге шыққан облыстық мәслихат депутаты Зұлпархан Чалданов Жолдау ұстаздар қауымына үлкен қуаныш сыйлағандығын айтты. Яғни, Жолдау жүктеген міндеттерге орай «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы жасалып, олардың лайықты еңбек ақыларын алуына жағдай жасау ісі қаралатынын жеткізді.
«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков көшбасшы партия мүшелері Жолдауда атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және саяси тұрақтылықты, халықтың әл-әуқатын арттыруды қамтамасыз етуге жұмыла жұмыс жасайтындығын сөз етті.

 

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*