Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Кентаулық жастар Жолдауды қолдайды

Кентаулық жастар Жолдауды қолдайды

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері Кентау қаласы жастарымен кездесті.


Кентау қалалық Жастар орталығында өткен жиынға облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Төлегенов, Түркология ғылыми орталығы директорының орынбасары Нұрлан Мансұров қатысып, Елбасының жолдауындағы айқын басымдықтарды түсіндірді.
«Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауда мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі векторлары мен бағыттарын, елдің ағымдағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық ахуалын, сондай-ақ әлемдегі геосаяси, геоэкономикалық жағдайды талдай отырып халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру шараларын айқындап берді.
Жолдауда белгіленген бағыттарды өңірімізде іске асыру бойынша нақты іс-шаралар мен міндеттер айқындалып жүзеге асырылатын болады.


Жиында сөз алған жастар «Елбасы Жолдауында атап көрсетілген мәселелерді негізге ала отырып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және саяси тұрақтылықты, халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге бар күш-қайратымызды жұмсайтын боламыз», — деп қолдау білдірді.
Студенттердің қойған сұрақтарына сала мамандары кең көлемде жауап берді.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*