Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жолдаудағы айқын басымдықтар түсіндірілді

Жолдаудағы айқын басымдықтар түсіндірілді

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаты, Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Фахридин Қаратаев көшпелі жұмысы шеңберінде сайлаушылармен кездесті. Ондағы мақсат — Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау.


Фахридин Әбдінәбиұлы Кентау қаласынының Иассы, Жаңа Иқан ауыл округтерінің және Қарнақ ауылының тұрғындарымен, Кентау көпсалалы колледжінің ұстаздарымен, жастармен кездесті.
Жиында Елбасы жолдауындағы айқын басымдықтар жан жақты түсіндірілді.
— Жолдау жүктеген міндеттер мен мақсаттардың ауқымы өте үлкен. Атап айтқанда, халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрмыс-жағдайын жақсарту, баспанаға қолжетімділікті қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы қордаланған мәселелерді шешу, тарифтерді шектеу және жолдарды жөндеу, қоғамдық қауіпсіздік, ауылдар мен жастар жайына Жолдауда басым көңіл бөлінді, — деген халық қалаулысы, ең бастысы — бұл бағыттардың барлығы да орындалатын, нақты және қажетті мақсаттар екендігін айтып өтті.
— Жолдауда халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту, барлық азаматтарды өздерінің кәсібіне, мамандығына, біліміне сай лайықты жұмыспен қамтамасыз ету басым бағыттар ретінде белгіленді. Ең төменгі жалақыны 1,5 есеге көбейтіп, 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру туралы тапсырма берілді. Бұл өзгеріс жалақысы төмен азаматтарға нақты қаржылай көмек түрінде әсер ететін болады.


Мемлекет бес жыл ішінде ІЖӨ-нің 10 пайызын білім, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсайтын болады. Бұл үлкен қаражат. Қазақстан қоғамындағы мұғалімдердің мәртебесін көтеру күн тәртібіндегі мәселе. Бұл бағытта Елбасы бірқатар міндеттер жүктеді. Біріншіден, «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын әзірлеу. Сол заңның аясында олардың лайықты еңбек ақыларын алуына жағдай жасау ісі қаралмақ.
Елбасы құқық қорғау органдарының жұмысына терең және сапалы өзгерістерді енгізу ісіне арнайы тоқталып өтті. Ол Үкіметке Президент Әкімшілігімен бірлесіп, «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасын» қабылдауды тапсырды, — деген халық қалаулысы Жолдауда ауыл тұрмысын жақсарту жайына да ерекше басымдық берілгендігіне тоқталды.
Фахридин Әбдінәбиұлы жиынға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан жақты жауап берді.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*