Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының ХХХV конференциясы өтті

«Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының ХХХV конференциясы өтті

Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайының кіші мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының ХХХV конференциясы өтті.


Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының Саяси кеңесін сайлау туралы, «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының XXХV конференциясына делегаттар сайлау туралы мәселелер қойылды.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауы жайында «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сағынбек Асылбеков байыпты баяндама жасады.
Жолдауда көрсетілген айқын басымдықтарға арнайы тоқталып өтіп, атқарылар жұмыстарды жан жақты түсіндірді.
Жарыссөзге шыққан қалалық емхананың бас дәрігері Алмасбек Ақшалов, Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектеп директоры Гүлдариға Жұмагелдиев Елбасы жолдауындағы денсаулық және білім саласына қатысты тармақтарды талдай отырып, Жолдауды қолдайтындықтарын білдірді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалы Саяси кеңесінің 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі арнайы бейнеролик арқылы көрсетілді. Қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Мұратбек Абдуллаев пен қалалық мәслихат депутаты Талғат Садуов саяси кеңес жұмысын жоғары бағалады.
Мұнан соң, «Нұр Отан» партиясы Кентау қалалық филиалының Саяси кеңесі мен «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалының XXХV конференциясына делегаттар сайланды.
Жиынды қорытындылаған қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев Елбасы Жолдауын наситтау бойынша іс-шараларды қолға алуды және партия жұмысын жандардыру бойынша атап өтіп, сала мамандарына нақты тапсырмалар берді.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*