Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде

«ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ БОЙЫНДАҒЫ ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ҚАЛАЛАР» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Түркістанда » Тарихи қалалық ландшафтарға бағытталған тәсілді енгізу жолымен Түркістандағы, Қазақстан, Қожа Ахмет Ясауи кесенесін техникалық қолдау» бірінші ұлттық семинар басталды.


Семинар Орталық Азия елдеріндегі ЮНЕСКО Бюросы және Нидерландының Мақсатты қоры бастамасымен Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен қазақстандық мұражайлардың іс-шараларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған. Семинарды өткізу қаланы дамыту шешімдерін қабылдауға қатысатын мүдделі тараптардың қазіргі заманғы шаһар ішіндегі Дүниежүзілік мұра нысандарын қорғау және жауапты органдар үшін жұмыстарды реттеу, бақылау және жоспарлау тетіктерін келісу жөніндегі күш-жігерін тығыз үйлестіруді қамтамасыз ету қажеттілігінен туындады.
Семинарға Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінен Жанат Сейдалиева, «Қаз қайта жаңғырту» РМК, Түркістан облысы әкімдігінің өкілдері, ұлттық мұражайлардың директорлары мен қызметкерлері, ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізілген нысандарға жауапты тұлғалар және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұра Орталығының халықаралық сарапшылары қатысуда.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*