Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЖАҢА ЖОЛДАУ ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢА ЖОЛДАУ ЖАН-ЖАҚТЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Өткен аптаның соңында ауданға Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топ келді.
Насихаттық топты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Отаршиев Мұхит Баймұханбетұлы бастап келді.


Топтың құрамында облыстық жер инспекциясы басқармасының басшысы Әлібеков Марат Серікұлы, облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бекжанов Берік Айдарбекұлы, облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Мамытбеков Алмас Кеңесбекұлы, облыстық жер қатынастары басқарма басшысының орынбасары Тілеген Ерғали Амангелдіұлы, облыстық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Қырықбаев Мекенхан Қозыханұлы, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мұғалімі, тарих ғылымдарының докторы Димашева Ләззат Сәрсенбекқызы болды.
Жолдауға қатысты негізгі баяндаманы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы саяси жұмыстар бөлімінің меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, сарапшы Мәжінбеков Сәкен Аралбайұлы жасады.
Баяндамашы Жолдауды жан-жақты талдап, өз сөзін Жолдаудан туындайтын міндеттермен аяқтады. Ғылым мен өндіріс арасындағы байланыс, Үкіметіміздің алға ұстанып отырған 2030, 2050 стратегиялық бағдарламалары турасында, Назарбаев зияткерлік мектебінен алатын үлгі-ережелеріміз, еліміздің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі және оның қауіпсіздігі, сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу және тағы да басқа көптеген мәнді, мазмұнды әңгімелерді өрбітті. Сөзін Конфуцийдің «…жақсы өмір сүргің келсе, онда өзіңді дамыт…» деген ойлы сөз орамдарымен қорытты.
Баяндаманы талқылауға аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Төлешов Бақберген Төлешұлы мен Садық Әбдіжаппаров атындағы жалпы орта мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Мамытова Ғафура Жиенбайқызы және «Жастар ресурстық орталығының» әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі секторының меңгерушісі Смағұлова Мамыркүл Мәріпханқызы шықты.
Жиынды аудан әкімі Танагөзов Бақытбек Төленұлы қорытты.
Жиынға аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, зиялы қауым өкілдері, аудан орталығындағы бірқатар мекеме басшылары мен ауыл әкімдері қатысты.

 

«DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*