Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ағымдағы жылдың 18 қазан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облыстық департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев Бәйдібек ауданы әкімдігінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Қабылдауға алдын ала жазылған мемлекеттік қызметшілер Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Т.Дәрменбаев, Көктерек ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Ғ.Майлыбаев, аудан әкімі аппараты әкімшілік-жалпы бөлімшесінің басшысы Т.Үркімбаев жол шығындарын өтеу үшін басшылыққа алынатын заңнамалар туралы, облыс орталығына жаңа қызметке барған жағдайда мамандарға көрсетілетін көмек түрлері бойынша және мемлекеттік қызметшілердің айлық жалақысын ФБШ арқылы есептеу жүйесін ендіру кезіндегі қызметкерлерді қысқарту мәселесіне қатысты сұрақтар қойды.

Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев жеке қабылдауға келген азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Айта кетейік, 2018 жылдың 18 қазанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғ.С.Тұрсынбаев Бәйдібек ауданында болып,  аудан активімен кездесу жиынын өткізіп, Мыңбұлақ ауылында орналасқан «Өзіне өзі қызмет көрсету» бұрыштамасының жұмысымен танысты.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*