Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ШЕЖІРЕЛІ ШАЯН, БЕРЕКЕЛІ БӘЙДІБЕК» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

«ШЕЖІРЕЛІ ШАЯН, БЕРЕКЕЛІ БӘЙДІБЕК» АТТЫ ФОРУМ ӨТТІ

Бәйдібек ауданының 90 жылдығына орай бірқатар іс-шаралар өтті. Мерейтойға облыстан барған жұмысшы топ ауданға сапары аясында Бәйдібек Қарашаұлы ескерткішіне гүл қою рәсімін өткізді.

Бәйдібек аудандық жастар сарайында Бәйдібек ауданынан шыққан елімізге белгілі азаматтардың бас қосуына арналған «Шежірелі Шаян, Берекелі Бәйдібек» атты форум өтті.

Форумда Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Түркістан облысы және Бәйдібек ауданының Құрметті азаматы ЕркінбекТұрысұлы, қоғам қайраткері, облыстың және ауданның «Құрметті азаматы» Орынбай Рахманбердіұлы, облыс журналистикасында өзіндік орны бар азамат, Қазақстанның Құрметті журналисті Бәйділдә Қонысбек, Түркістан облысының, Сарыағаш, Бәйдібек аудандарының, Жамбыл облысы Шу ауданының «Құрметті азаматы», 1988-1990 жылдары Алғабас аудандық атқару комитетінің төрайымы қызметін атқарған Оразкүл Асанғазықызы мінберіге шығып, ауданның 90 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Шараға қатысқан облыс басшысы Жансейіт Түймебаев құттықтау сөз сөйлеп, облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін бірқатар азаматтарды облыс әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.

Сонымен қатар, онда тарихқа бай ауданның өткені мен келешегі туралы баяндамалар оқылып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталып, естелік сыйлықтар табыс етілді.

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*