Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Бәйдібекте «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық байқауы өтуде

Бәйдібекте «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық байқауы өтуде

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен Бәйдібек ауданының 90 жылдығы аясында «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық ән байқауы басталды.

Өнер додасының мақсаты — ән өнерін дамыту, жас талант иелерін іздеу, жастар арасында сазгерлік өнердің кәсіби деңгейге көтерілуіне жол ашу. Жастарды отансүйгіштікке баулу, ұлттық рухта тәрбиелеу және патриоттық тақырыпта халық арасына, өнер сүйер қауымға кеңінен насихаттау.

Байқауға өңіріміздің аудан, қалаларынан 18 үміткер қатысып, Отан, туған жер, бейбітшілік, халықтар достығы, ел бірлігі туралы тәуелсіздік жылдары жазылған патриоттық әндер мен Бәйдібек ауданынан шыққан сазгерлердің шығармасын орындауда.

Шараны Бәйдібек ауданының әкімі Танагөзов Бақытбек Төленұлы құттықтау сөзбен ашып берді.
«Ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өзі «Шаянға барсаң әншімін деме» деп баға берген өнер мен мәдениеттің ордасы Бәйдібек ауданынан қаншама әнші-сазгерлер қанат қаққаны баршаға белгілі. Құрылғанына 90 жыл толған Бәйдібек ауданы әлеуметтік, экономикалық жағымен ғана емес руханияты мен мәдениеті арқылы да өз орнын ерекшеледі. Тарлан таланттар мен дара дарын иелерінің дана жолын жаңа буын да жалғастырарына сенім мол. Баршаңызды, аударуымыздың айтулы жылымен құттықтаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Әрбір шаңырақтан береке, қуаныш арылмасын!», деді аудан басшысы.

Байқау аясында Отырар ауданының бәйдібектіктерге арналған ыстық ықыласқа толы сый-сияпаты мен аудан басшысының құттықтауын аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппарқұлов табыстап, айтыскер ақын Дәурен Ақсақалов арнауын жолдады.

«Шаянға барсаң әншімін деме» байқауы биыл төртінші рет өтуде. Тоқсан жылдықпен тұспа-тұс келген өнер додасының жеңімпаздары кешкі гала-концертте марапатталады.
 

«DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*