Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ШАЯНҒА БАРСАҢ ӘНШІМІН ДЕМЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

«ШАЯНҒА БАРСАҢ ӘНШІМІН ДЕМЕ» ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Бәйдібек ауданының 90 жылдық мерейтойының екінші күні Шаян ауылындағы аудандық мәдениет үйінде «Шаянға барсаң әншімін деме» облыстық ән байқауы өтті.

Шараны Бәйдібек ауданының әкімі Танагөзов Бақытбек Төленұлы құттықтау сөзбен ашып берді. «Шаянға барғанда жақсы бір əуен естідім, керемет күйге бөлендім. Талмай, шаршамай еңбек еткен ел көрдім. Адамдардан қадір қасиет байқадым. Əн мен күйді айта жүріп еңбек еткен көңілді халық көрдім. Берекелі еңбектен тапқан, бірлігі жарасқан тірлігі бекем ел көрдім»,- деп заманымыздың заңғар жазушысы М.Əуезовтің ауданға келген сапарында «Шаянға барсаң əншімін деме»-деп нақыл сөз қалдырғанын айтып, байқауға қатысушыларға сəттілік тіледі.

Төртінші рет ұйымдастырылып отырған облыстық өнер додасына ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Сәбира Әбдірайымова, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, опера әншісі Талғат Күзенбаев, ҚР Мәдениет қайраткері Әбдіхан Нұрмағанбетов, сазгер-әнші жарылқасын Дәулетов қазылық етті.

Байқауға өңіріміздің аудан, қалаларынан 19 үміткер қатысып, Отан, туған жер, бейбітшілік, халықтар достығы, ел бірлігі туралы тәуелсіздік жылдары жазылған патриоттық әндер мен Бәйдібек ауданынан шыққан сазгерлердің шығармаларын орындады. Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге Бәйдібек ауданынан «Қостұра» дуэті ие болса, бірінші орын Шымкент қаласынан келген «Самұрық» триосына берілді. Екінші орынмен Алматы қаласынан келген «RAYYAN» тобы марапатталса, үшінші орынға Шардара қаласынан Ақмарал Үсенқызы және Кентау қаласынан Айжан Тұрсынбекқызы ие болды.

Сондай-ақ, Бәйдібек ауданы әкімінің арнайы жүлдесімен Шымкент қаласының әншісі Қарлығаш Айтмаханбет, «Көрермен көзайымы» номинациясымен Отырар ауданынан Ұлжалғас Әбілдахан, «Ең жас әнші» номинациясымен бәйдібектік Мади Сатман марапатталды. Барша жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен аудан әкімінің алғыс хаты табысталды.

 

 

«DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*