Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕКТЕП ЖӨНГЕ КЕЛЕДІ ЕПТЕП…

МЕКТЕП ЖӨНГЕ КЕЛЕДІ ЕПТЕП…

На данном изображении может находиться: небо, дом и на улице

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы Жібек жолы ауылында орналасқан Ә.Бөкейханов атындағы ЖОМ күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған білім ошағы 1971 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері мектеп жөндеу көрмеген. Ағымдағы жылдың 25-ші қазанында басталған жұмыстың қазір 80% аяқталып, нысан желтоқсан айының алғашқы аптасында пайдалануға берілетін болады. Ал, мектепте білім алатын 900-ге тарта оқушы жақын елді мекендердегі 4 мектепке тасымалданып оқытылуда. Ол үшін аудандық білім бөлімі тарапынан 5 автобус қарастырылған. Балалар жайғастырылған мектептердің сыныптары жылы әрі білім алуға ыңғайлы. Бұйыртса, араға екі апта салып оқушылар заман талабына сай жөндеуден өткен, іші жарық, дәріс алуға ыңғайлы мектепте оқуларын жалғастыратын болады.

На данном изображении может находиться: 3 человека, люди стоят и костюм

© Дәурен Болыс.

Пікір жазу