Сайт жасап беруге тапсырыс қабылдаймыз! Толық жасап беру құны – 150 мың теңге. Хабарласу үшін: qorlyq@list.ru
Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ПОЛИГОННЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА!

ПОЛИГОННЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА!

Түркістан облысы Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ елді мекенінің және сол маңдағы 10-ға тарта ауыл тұрғындарына бір күл-қоқыс полигоны қызмет көрсетеді. Аталған нысан 2014 жылы ОҚО әкімдігінің қаулысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округіне тұрақты жер пайдалану құқығымен 6,5 Га жер учаскесі елді мекендердің тұтыну қалдықтарын орналастыру үшін берілген. 2015 жылдың 30 қаңтары күні жердің мемлекеттік пайдалану актісі әділет басқармасында тіркелген. Қазіргі таңда полигондағы тиісті жұмыстарды Қарабұлақ ауыл әкімшілігіне қарасты «Таза ауыл» мекемесі жүргізеді. Яғни, күл-қоқыстарды қабылдау, орынды күтіп ұстау жұмыстары аталған мекеменің міндеті.

Атқарылған жұмыстардың барлығы «Тазау ауыл» мекемесінің Ережесіне сай есепке алындаы және өзінің барлық шығыстарын өзінің кіріс көздерімен бекітіп отырады.Бюджеттен аталған мекеменің жұмыстарына қаржы қарастырлмайды. Яғни, өздері пайда тауып, жиналған қаражаттарына күл-қоқыстарды көмеді, реттейді, орынды күтіп ұстайды, жұмысшыларына жалақы үйлестіреді және техникаларды жалдап, салық төлемдерін жүргізеді.

Айта кету керек, 2017-2018 жылдары «күл-қоқыс тастау орны» орналасқан көршілес аумақтардан жұқпалы аурулар бойынша аудандық емханаға фактілер тіркелмеген. Сондай-ақ, полигон көршілес орналасқан № 17 мектеп ара қашықтығы санитария талаптарына сай 1000 метрге өзгертірілген, метал төсінмен қоршалған. Жоғарыда аты аталған мекеменің жұмыстары ауылдық әкімшілік мамандары тарапынан тұрақты бақылауда. Сонымен қатар, анықталған қандай да бір кемшілік мекеме тарапынан уақтылы жойылып отырады.

Дәурен Дүйсебаев

Пікір жазу