Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ЕҢБЕГІНЕН ЕЛ ТАНЫР

ЕҢБЕГІНЕН ЕЛ ТАНЫР

Түркістан облысының Сайрам ауданын ел тұрғындары ауылшаруашылығы, оның ішінде ет, сүт, мал шаруашылықтары дамыған өңір ретінде жақсы таниды. Қазірдің өзінде ауданда өндірілген ет пен бордақыланған ірі қаралар сонау Иранға, Ауғанстанға, Өзбекстан мен Ресейге жөнелтіліп жатыр. Міне, осынау жетістіктердің барлығы ауданда тұрып жатқан, бірлігі мен тірлігі жарасқан халықтың тынымсыз еңбегінің арқасы.

Еңбек еленбей қалмайды. Соның бір айғағы болса керек, ағымдағы жылдың 20 қарашасы күні Түркістан қаласында өткізілген облыстық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі «Агрофест – 2018» мерекелік іс-шарасында жыл қортындысымен Сайрам ауданы ет өндіру бойынша I-орын, мал шаруашылығы өнімдерін экспорттаудан I-орын және агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін орындаудан III-орынды иемденді.

Жеке номинациялар бойынша «Нұр Көл» ЖШС астық өндіруден және «МанкентАгро» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі көкөніс өндіруден облыс бойынша үздік атанды.

Дәурен Дүйсебаев,
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*