Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 163 ОТБАСЫҒА КӨМІР ТҮСІРІП БЕРДІ

ОТЫРАРЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР 163 ОТБАСЫҒА КӨМІР ТҮСІРІП БЕРДІ

Түкістан облысы Отырар ауданының  кәсіпкерлері 163 отбасыға көмір түсіріп берді.

Қылышын сүйрете келіп жеткен қыс мезгілінің алғашқы ызғарын да отырарлықтар сезіне бастады. Қыстық қатты отын алуға қауқары жетпей қамкөңілмен жүрген аз қамтылған отбасыларға отырарлық кәсіпкерлер қол ұшын беріп, үлкен азаматтық танытты. Туған жердің әрбір маңызды мәселесіне шет қарамайтын жаны жомарт, қолы ашық абзал азаматтар ауданымызда аз емес екендігіне көз жеткіздірді.


Отырар ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен қолға алынған игі бастамаға  «Саутс Ойл», «Азия Агро Групп», «Омар ата», «Ақжол»   ЖШС-мен қатар, ауылдан шыққан бір топ жеке кәсіпкерлер  де өз үлестерін қосты.
Үстіміздегі жылдың қараша-желтоқсан айлары аралығында ауданның жекелеген елдімекендері бойынша аз қамтылған отбасыларға 163 отбасыға жомарт жандар  250 тонна көлемінде қыстық отын алып, өздері жеткізіп берген.
Қарапайымдық пен ізгілікті жандарына серік еткен демеушілерге көмек алушылар алғысын жаудыруда.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*