Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АСҚАР МАМИН ҚАЗАҚ – ӨЗБЕК ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНДЕ БОЛДЫ

АСҚАР МАМИН ҚАЗАҚ – ӨЗБЕК ШЕКАРАСЫНДАҒЫ КЕДЕН БЕКЕТТЕРІНДЕ БОЛДЫ

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ іссапармен Түркістан облысына келді. Астанадан келген меймандармен бірге аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев шекара бойындағы «Жібек жолы» бақылап өткізу бекетінің жұмысымен танысты.


Содан кейін қазақстандық делегация Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ачилбай Раматов бастаған делегациямен кездесті. Тараптар жүктерді өңдеу уақыты мен азаматтардың шекарадан өту процесін оңтайландыру және екі ел арасындағы өзара тиімді сауда – экономикалық тауар айналымын арттыру мүмкіндігін қарастыру жайын талқылады.

Айта кетейік, екі ел арасындағы экономикалық әріптестік қарым — қатынас уақыт өткен сайын нығайып келеді. Сондай-ақ, шекарадағы алыс — беріс, барыс –келістің де көрсеткіші ұлғая түскен. Мәселен, 2017 жылдың 5 айында «Жібек жолы» бақылап өткізу бекетіннен 2,4 миллионнан астам жеке тұлға арлы — бері шекара асса, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде көрсеткіш 4,2 миллионға жуықтаған. Өткен жылы 9277 жеңіл автокөлік өткен болса, ағымдағы жылы 34915-ке жеткен. Одан бөлек, жыл басынан бері жолаушылар тасымалымен айналысатын маршрут іске қосылып, нәтижесінде 1283 автобус Қазақстан аумағына кіріп шыққан.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*