Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Жемқорлыққа жол жоқ

Жемқорлыққа жол жоқ

Бүгін Жетісай ауданында аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Жиынға Жетісай ауданының әкімі, комиссия төрағасы Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының прокуроры Нұрғали Асқанбеков, сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Ержан Жүнісов, Жетісай аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Бауыржан Жанаев, Жетісай ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссияның дербес құрамы, білім беру мекемелерінің басшылары, дербес бөлім басшылары мен кент, қала, ауыл округтерінің әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты. 


Бүгінгі жиынның мақсаты — Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңын жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков баяндама жасады. Ол өз сөзінде мектеп қабырғасындағы сыбайлас жемқорлықты жою, болдырмау, ата-аналар комитетінің жұмысын реттеу, қаржы жинамау мәселелері жөнінде ұтымды ұсыныстарды тілге тиек етті.
Мұнан соң сөз алған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Сарыағаш аймағы бойынша ауданаралық басқармасының басшысы Ержан Жүнісов қоғам дертіне айналған жемқорлықтың жолын кесу, қарсы тұру, алдын алу шараларына бірлесіп атсалысуға шақырды. Сондай-ақ, ол мектептердегі қызметке орналасу барысында пара алу, пара беру фактілерінің жиі тіркеліп жатқандығын баса айтты. Осы ретте ол аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиясының жұмысын одан ары жандандыру қажет деп есептейді. 


Жиынды жүргізіп отырған аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев ұстаздар қауымын Елбасы Жолдауында айтылған негізгі басымдықтарды іске асыруға шақырып, қоғам дертіне айналған жемқорлықты жоюға үндеді. Сондай-ақ, ол мұғалімдер мәртебесін қалыптастыру жолында негізгі басымдық біліктілік пен білімділікке, еңбек өтімділігіне, тәжірбиесіне мән беруге шақырды. Аудан басшысы мектепте қаржы жинау, маман қабылдауда қаржы талап ету фактілерін болдырмау мақсатында жиналғандардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

 

 «DIDARBEK.KZ» – ақпарат»

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*