Басты бет » ОҚО жаңалықтары » КЕЛЕС ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНА — 40 ЖЫЛ

КЕЛЕС ХАЛЫҚ ТЕАТРЫНА — 40 ЖЫЛ

Келес халық театры әуесқой өнерпаздардың драмалық ұжымы. Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) облысының Келес ауданындағы Мәдениет үйі жанынан 1968 жылы құрылған, жерлесіміз Ш.Сапаровтың «Жеңіспен ораламын» атты пьесасын, М.Әуезовтың «Қозы-Көрпеш-Баян сұлу» трагедиясымен т.б. сол сияқты қойылымдармен сахнаға шығып, 1978 жылы халық театры атағы берілді. Құрамы қарапайым еңбек адамдарынан құралған.


Халық театры 1978 жылы өткізілген облыстық және республикалық бүкіл Халық театрлары арасында болған байқауға «Шыңғыс хикаясы» атты трагедияны қойып, І орынға ие болып, лауреат атанды.
1980 жылы Қазақстанның 60 жылдық мерекесіне арналған Халық театрларының байқауында О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» атты трагедиясын сахнаға қойып, облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты атанып, С.Сансызбаев, М.Жұмалиева, С.Әліқұлова, Р.Құрбанқұлов, Н.Орынбаев, Д.Әлібеков сынды өнер майталмандары жеке облыстық, республикалық байқаудың лауреаттары атанып дипломдармен марапатталды.
1985жылы Ұлы Жеңістің 40-жылдығына орай өткізілген облыстық байқауда О.Бодықовтың «Намыс гвардиясы» спектаклін қойып, бірінші орынға ие болды.
Т. Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасын, «Күшік күйеу» атты комедиясын, А.Құнанбаевтың 150 жылдығына арнап Иран-Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» дастанын, Д.Исабековтың «Әпке» атты драмасын, М.Хасеновтың «Сырласу» атты екі бөлімді трагедиясын, М.Шамқаловтың «Қайын ене» музыкалық комедиясын, О.Бодықовтың «Үйленгім келмейді» спектаклдерін сахналастырған. 2000 жылы Т. Ысқақовтың «Курорттағы хикаялар» атты музыкалық комедиясын шығарды. 2001 жылы М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» атты трагедиясын сахнаға алып шықты. 2002 жылы Д. Исабековтың «Анасын аңсаған қыз атты драмасы, халық ертегісі «Айсұлу» сахна жүзін көрді. 2003 жылы балаларды қорғау күніне арнайы Шарль Пьеоро «Қызыл телпекше» ертегісі қойылды. Келес халық театры Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 60-жылдығына орай облыстық байқауда «Оқ пен гүл» атты инсценировкасын сахнаға шығарып ІІІ орынға ие болды. Театр «Тамаша» ойын-сауық отауымен де көзге түсті. 2005 жылы Ж.Қашқыновтың «Үш дос» ертегісі сахнаға қойылды. 2006жылы «Түлкі мен тырна» халық ертегісін балалар назарына ұсынды. 2007 жылы халық ертегісі «Тышқан мен мысық» сахна төріне шығарылды. 2008жылы 1-сәуір күлкі күнінде өткен «Күлкі көңіл көтерер» облыстық әзіл-сықақшылар байқауына қатысып, 2009 жылы Т.Ахтанов атындағы жүлдеге ие болды.

С.Балғабаевтың «Ғашықсыз ғасыр» атты екі бөлімді пьесаны сахнаға қойды. Қазіргі уақытта Т.Ахтановтың «Жоғалған дос» атты пьесасы , М.Байғұттың «Бозторғайдың ұясы», Т.Әлімбектің «Күмбір-Күмбір» атты комедиясы сахналанды. Жаңа жылдық балаларға арналған «Бауырсақ», «Түлкінің айласы», «Айға ұшқан Буратина», «Алтын Балапан», «Тіл алғыш бала» қуыршақ театры концерттік бағдарламасын, Келес өңірі көлеміндегі мектептер мен балабақша бүлдіршіндеріне, «Келес Халық театры» әртістерінің «Алынбаған мәшиненің әлегі», «Ауылдағы концерт», «Көгерген колбаса», «Малым менің, шалым менің», «Құрбылар», «О,Жарықтық», «Танкіге пышақ салдым», «Әнші балапан», «Шипажай», «Мектеп», «Дәрігер», «Ұрылар», «Күтуші», «Ескерткіш», «Лунатик», «Ғашықтар» т.б интермедиялары мен сахналық көріністері қойылып жүр.
Қазіргі таңда Келес Халық театрында бірнеше жылдар бойы өнер көрсетіп келе жатқан әртістері: Д.Әліпбеков, Д.Есенқұлов, Г.Молдабаева, Г.Сұлтанова, С.Есенқұлова, З.Дигарова, Ж.Мырзалиев, Б.Баймаханов, А.Сакенова, М.Иманқұлов, Қ.Сансызбаев, Е.Елеуішов, Е.Бекмұратов, Б.Омаров, М.Садыханов, М.Садвакасов, А.Инабеков, М.Жарылқасын, Н.Молдаханова, С.Тілегенова, Б.Тұржанов.
Ағымдағы жылдың 27 қарашасында сағат 11-00 де театр ұжымы халық театры атағын алғанына 40 — жыл толуына орай, аудандық мәдениет үйінде мерейтойын атап өтуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*