Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МАҚТААРАЛДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНДА ДҮБІРЛІ КӨКПАР ӨТТІ

МАҚТААРАЛДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНДА ДҮБІРЛІ КӨКПАР ӨТТІ

Мақтаарал ауданының 90 жылдығына орай дүбірлі көкпар болып өтті.  Осылайша мерейтойды 3 күн бойы атап өткен мақтааралдықтар ұлттық ойынымызды жаңғыртты. Аудан кәсіпкерлері және спорт жанашырларының демеушілігімен өткен сайысқа ҚР Көкпар федерациясының президенті Мұхтархан Ділдәбеков арнайы қатысты. Жиында ең алғаш сөз алған Мақтаарал  ауданының әкімі Б.Асанов бірнеше белсенді азаматтарды арнайы марапаттап, сөз сөйледі.

Жігіттердің батылдығы мен ептілігі, күш-жігері мен төзімділігі сынға түсетін көкпар ойыны атадан балаға мұра болып келе жатқан ұлттық құндылығымыз. Ықылым заманнан бері қанымызға сіңген қасиетімізді дәріптеу мақсатында өткен Мақтаарал ауданының 90 жылдығына арналған көкпарға көршілес Жамбыл, Қызылорда обылыстарынан және Түркістан облысының барлық аудандарынан мыңға тарта көкпаршы қатысты.

Әлемдік деңгейде мойындалған қазақтың көкпар ойынына жиналған елдің де қарасы қалың болды. Көнекөз қариялар ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, жастар арасында достық пен бірлікті нығайту мақсатында көкпар ойынының шығу және даму тарихы жайында жастарға ғибратты әңгімелерін айтты. Көкпар соңында салым салған шабандоздармен қатар ойын барысында ептілігімен көзге түсіп, көпшіліктің ықыласына бөленген құрыш білекті жігіттер, бабы мен бағы қатар шапқан сәйгүлік аттар да ұйымдастырушылар тағайындаған арнайы номинацияларға ие болды.

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*