Басты бет » Ауыл жаңалықтары » Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Түлкібас ауданында болды

Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғ.Тұрсынбаев Түлкібас ауданында болды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «100 нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасының алғашқы 15 қадамы кәсіби мемлекеттік аппарат құруға арналған. Осы бағытты талқылап, мемлекетік қызметшілермен кездесу мақсатында ауданға жұмыс сапармен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Сұлтанұлы Тұрсынбаев келді. Кездесуге мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округ әкімдері, құқық қорғау органдарының өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен мектеп директорлары қатысты.


Жиын барысында сөз алған Ғалым Сұлтанұлы облыс көлемінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, сонымен қатар Елбасының ағымдағы жылдың 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттарының бірі қоғам дерті сыбайлас жемқорлықпен күресуді жалғастыруға арналғанын айтып өтті. Кездесу барысында Ғалым Сұлтанұлына жиынға қатысушылар тарапынан біршама сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі Н.Тұрашбеков, сыбайлас жемқорлықты жою – бұл тек қана мемлекеттің мүддесі мен міндеті емес, бүкіл қоғамның міндеті. Әрбір азамат бұл мәселеде алаңдаушылықты сезінуі тиіс, ешкім бұл зұлымдықпен күресте бейтарап қалмауы тиіс. Біз барлық уақытта мекемелер мен әкімдіктерде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайында түрлі жиындар, семинарлер, кездесулер өткізіп, барлық қызметкерлерге қажетті заңдарды түсіндіріп, кеңінен мәліметтер беруіміз қажет деп білемін. Сонда ғана біз халқы тату, тұрмысы жақсы, экономикасы өркендеген мемлекетке айналамыз-деп, ауданымызға арнайы келіп, сыбайлас жемқорлықты алдын алу жайында пікір білдірген Ғалым Сұлтанұлына өз атынан және мәжіліске қатысушылардың атынан алғысын білдірді. Сондай-ақ Ғалым Сұлтанұлы жұмыс сапары барысында аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының ғимаратында жеке қабылдау өткізіп, аудан орталығында орналасқан М.В.Ломоносов атындағы мектеп гимназиясының «Адал ұрпақ» еріктілер клубына қабылдау рәсіміне қатысып, мектеп ғимаратындағы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышының жұмысымен танысты.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*