Басты бет » Ауыл жаңалықтары » «ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» — ОРДАБАСЫДА

«ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ» — ОРДАБАСЫДА

Бүгін Ордабасы ауданында «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбында көшпелі жиын өтті.


Түркістан облысы Дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» бөлім басшысы Ф.Тайтелиев, осы орталық директорының орынбасары М.Бесбаев, облыстық Халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Ш.Мамытханова, Ордабасы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Әбдіхайымұлы бүгінде қоғамда өзекті мәселеге айналған теріс діни ағымдар, заман көшінде өзгеріске түскен салт-дәстүрлер жөнінде кеңінен баяндап, олардың таралуына тосқауыл қою жолдарын ұсынды. Әсіресе, жастарды жат әрекеттерден сақтау үшін аға буынға жүктелер жауапкершілік орасан зор екені айтылды. Аудан орталығындағы Дәулеталыұлы Бегалы ата мешітінің бас имамы Б.Әшірбай, мешіт жанынан ашылған «Жастар бөлімінің» меңгерушісі М.Дәрібай, Қажымұқан ауыл округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.Жүсіп сөз алып, өз ұсыныс-тілектерін жеткізді. 


Ордабасы ауданының әкімінің орынбасары А.Әбдіқұлов рухани сананы жаңғырту, салт-дәстүр, мәдениетімізді көздің қарашығындай сақтау және тарихымызды қастерлеудің құндылығын әрбір азаматқа ұғындыру үшін бұл жиынның ауданда жалғасын табатынын айтты, тағылымы мол бүгінгі жиынды өткізуге ат салысқан аудан қонақтарына ордабасылықтар атынан алғысын жеткізіп, жиынды қорытындылады.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*