Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ОРДАБАСЫДА КУРСТАН ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҰСТАЗ ӨТТІ

ОРДАБАСЫДА КУРСТАН ҮШ МЫҢҒА ЖУЫҚ ҰСТАЗ ӨТТІ

Түркістан облысы, Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептер — 65. Оның 48-і орта, 3-уі негізгі, 14-і — бастауыш мектеп. Биылғы оқу жылында бір бастауыш мектеп, бір негізгі мектеп жалпы орта мектеп болып қайта құрылды. (Достық бастауыш мектебі –Достық жалпы орта мектебі.

Ә.Молдағұлова атындағы негізгі орта мектебі – Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебі)
65 мектептің 40 — типтік, 25 — ыңғайластырылған, оның ішінде 5-уі саманнан салынған ғимаратта орналасқан.
Биылғы жылы «Достық» мектебіне — 600, «Теспе» мектебіне — 200, Ә.Молдағұлова мектебіне — 200 орындық жаңа ғимараттар салынып пайдалануға берілді.
Жалпы білім беретін мектептерде қыркүйек есебі бойынша 30822 оқушы білім алады (2017 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 1451-ге артқан). Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты міндеттері – біріншіден, мұғалімдерді даярлаудың және біліктілігін арттырудың көп деңгейлі жүйесін іске асыру. Бұл ұстаз мәртебесін көтеріп, оқу сапасын жақсартуға негіз болады. Кәсіби біліктілігін үнемі арттырып отыру — әр ұстаздың міндеті.

2013-2018 оқу жылдар аралығында Жалпы білім беру ұйымдары басшыларының бағдарламасы бойынша Ордабасы ауданынан курстан өткендер – 53, деңгейлік курстардан өткен мұғалімдер — 537, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша курстан өткен педагогтар – 2072. Үштілділік бойынша арнайы курстан өткендер – 78. Робототехника бойынша 39 педагог маман арнайы курстан өтті.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*