Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТЕАТР – МЕНІҢ ӨМІРІМ

ТЕАТР – МЕНІҢ ӨМІРІМ

Бүгін Келес ауданының мәдениет үйінде Келес халық театрының 40 жылдығына арналған «Театр — менің өмірім» атты мерекелік іс-шарасы болып өтті.

Мерекелік іс-шараға Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық мәслихат хатшысы Арын Тотиков, Келес халық театрына еңбегі сіңген ардагер өнер майталмандарымен қатар аудан тұрғындары мен қадірлі қонақтар қатысты. Іс-шара барысында театр тарихынан сыр шертетін көрме ұйымдастырылып, театр жетекшісі Жангелді Мырзалиевтің режисерлігімен Болат Ұзақовтың «Жан дауа» спектаклі Келес халық театрының 40 жылдық мерейтойына арнайы сахналандырылды. Шара барысында аудан әкімі Ақментай Есбаев халық театр атағы, театр тарихында алтын әріптермен жазылатын өнер майталмандарының ерен еңбегінің арқасында келгенін, алдағы уақытта сол еңбектенген азаматтардың бейнеті бағаланып, аудан әкімдігі тарапынан театрдың дамуына міндетті түрде қолдау болатынын айта отырып, сол өнер адамдарын және киелі Келес халқын айтулы мерекемен құттықтап, театрға еңбегі сіңген өнер тарландарына арнайы алғыс хатын табыстады.

Аудандық мәслихат хатшысы Арын Орынбекұлыда айтулы мерекеде театр ұжымын құттықтап, арнайы алғыс хатымен марапаттады. Сонымен қоса мерейтой иелеріне облыстық Мәдениет және халық шығармашылығы орталығы мен Сарыағаш ауданы әкімдігінің арнайы алғыс хаттары табысталды. Мерекелік мерейтой барысында театр әртістері тарапынан әсем ән жолданып, көрермендердің ықыласына бөленді.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*