Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ ТӨЛЕБИДЕ

ДӘСТҮРЛІ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КЕРУЕНІ ТӨЛЕБИДЕ

Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында Тәуелсіз мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өркендеп өсе түсуіне, елімізде дін саласындағы тұрақтылықтың қамтамасыз етілуіне, ынтымақ пен бірліктің артуы бағытында аудан көлемінде біршама нәтижелі жұмыстар атқарылуда.


Бүгін облыс әкімінің арнайы тапсырмасына сәйкес, облыс аумағында ұйымдастырылып жатқан «Дәстүрлі құндылықтар керуені» тақырыбындағы көшпелі жиыны Төлеби ауданында өтті. Көшпелі керуеннің мақсаты:
— Облыс тұрғындарының мәдени және рухани сезімдерін қалыптастыру.
— Деструктивті діни ағым жақтастарын Қазақстандық қоғам құндылықтарына бейімдеу;
Мемлекет пен дін ара-қатынасындағы зайырлық ұстанымы бойынша халықты ақпараттандыру болып табылады.
Бүгінгі жиынымызды аудан әкімінің орынбасары Дүйсебаев Сержан Дауылбайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Сондай ақ, жиынға Түркістан облысы дін істері басқармасы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мекемесі директорының орынбасары Беспаев Мәди Әбзелбекұлы, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы Мамытханова Шолпан Құрманғазықызы, Төлеби аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шыңғысбаев Әтірхан, ауданның бас имамы Анарбаев Самат Сапарханұлы қатысып, өз ой пікірлерін білдірді. Жиын еркін формат түрінде өтті.

 

Өөз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*