Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АУЫСПАЛЫ ЖАЙЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

АУЫСПАЛЫ ЖАЙЫЛЫМ ЖҮЙЕСІ ЕНГІЗІЛДІ

Елбасы Н.Ә. Назарбаев биылғы жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттік қолдаудың арқасында елімізге заманауи агротехникаларды көптеп тартуымыз керек» деген болатын.


Осыған орай Түркістан облысында «Инновациялық тәжірбиені тарату және енгізу» бағдарламасы шеңберінде «Ауыспалы жайылым жүйесін енгізу» жобасы іске қосылды. Жоба аясында «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Бәйдібек ауданы, Жамбыл ауылдық округі, Жүзімдік ауылында «Agro logistic sentor» шаруа қожалығының 1500 гектар жерінде ғылыми негізделген, ауыспалы жайылым жүйесін енгізді.
Бұл облыс әкімдігінің агроөнеркәсіптік кешен саласын ғылыми, инновациялық бағытта жүргізіп отырған жұмыстарының бір парасы. Облыс бюджетінен қаржыландырылатын жобаның мақсаты — жайылымдық жерді тиімді пайдалануға үйрету. Облыста жайылымдық жер тапшы болғандықтан ғылыми негізделген ауыспалы жайылым жүйесі әр гектардың тиімділігін 25-30% арттырады.

Жаңа технология негізінен қой шаруашылығы дамыған Австралия, Қытай және Ресей мемлекеттерінде кеңінен қолданылады. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бұндай жобаларды үнемі қолдап отырады. Түркістан облысында 2018 жылдың 10 айының көрсеткіші бойынша ұсақ (қой, ешкі) малдың басы 4 миллионнан (4 165 620 бас) асып отыр. Сондықтан біздің өңір үшін тұсауы кесіліп отырған жобаның маңызы зор.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*