Басты бет » ОҚО жаңалықтары » АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕДІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ МАМАНДАРЫ БІЛІМІН ЖЕТІЛДІРЕДІ

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінген.

Оның ішінде агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асырып, еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге көбейту жөнінде нақты міндеттер қойғаны белгілі. Жолдаудан туындаған тапсырмаларды орындау — біздің саланың басты міндеттерінің бірі. Сонымен қатар:
— агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру;
— мемлекеттік қолдау арқылы елімізге заманауи агротехнологияларды тарту;
— икемді әрі ыңғайлы стандарттарды енгізу;
Ауыл шаруашылығы саласына білікті шетелдік мамандарды тарту арқылы саланы басқарудың үздік тәжірибесін пайдалану басты назарда. Сол үшін ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйретуге басымдық беріліп отыр. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес, облыстың агроөнеркәсіп саласында еңбек етіп жүрген жастардың білімін жетілдіру мақсатында Мәскеудегі К.А.Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясының базасында екі апталық қайта даярлау курсынан өткізу жоспарланып отыр. Алдағы қараша айының 26-нан бастап, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары мен басқармадан 3 қызметкер, аудан, қалалардан 9 маман, барлығы 13 қызметкер жіберіледі.
Өздеріңізге белгілі К.А.Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясы үздік оқу орындарының бірі саналады.
Оқыту нәтижесінде облыстың ауыл шаруашылығы саласындағы мамандары өнімді сақтау, қайта өңдеу және экспорт саласында алған теориялық және тәжірибелік білімдерін еңбекпен ұштастырады. Сондай-ақ өндіріске жаңа заманауи инновациялық технологияларды ендіріп, Елбасының ауыл шаруашылығы өнімдерінің өнім көлемін 2,5 есеге арттыру бағытындағы тапсырмасын орындауға өз септігін тигізетін болады.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*