Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ҰЛТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРУГЕ ЖАҢАША СЕРПІН БЕРЕТІН МАҚАЛА

ҰЛТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРУГЕ ЖАҢАША СЕРПІН БЕРЕТІН МАҚАЛА

Түркістан қаласының мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметшілері мен белсенді жастар баспасөз беттерінде жарық көрген Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Ғ.Тұрсынбаев және қала әкімі Ә.Өсербаевпен бірге талқылады.

Жиында сөз сөйлеген Ғ.Тұрсынбаев «Елбасы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында төл тарихын білетін, бағалайтын жә­не мақтан ететін халықтың болашағы зор бо­лады деп сенетінін және өткенін мақтан тұ­тып, бүгінін нақты бағалай білу және бо­лашаққа оң көзқарас таныту — елі­міз­дің табысты болуының кепілі   екенін халқымызға паш етті» дей келе, жалпы бұл бағдарламалық мақаладан ұлттық рухтың айрықша салтанат құрғанын көруге болатынын, сондай-ақ, стратегиялық сипатқа ие бұл бағдарламалық мақала ауқымды тарихымызды дұрыс түсіну мен қабылдауға шақыратынын жеткізді.

Іс-шарада сөз алған Ә.Өсербаев Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы өзіндік мазмұны мен мәні жағынан, орындалуы тиіс жобалардың бағыты бойынша бұдан алдын жарық көрген «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті. Әлемнің озық елдерінің мақтан тұтатын тарихи мұрасын мысалға тартқан Елбасы, біздің де тарихымыз тереңде жатқандығын атап өткенін айта келе,  барша қатысушыларды бірлесіп жаңа облыс орталығын дамытуға үлес қосуға шақырды.

Кездесу барысында белгілі айтыскер ақын, мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері  Б.Шойбеков баяндама жасап, өз пікірін білдірді.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*