Басты бет » Ауыл жаңалықтары » ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ ЖОЛ — ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» МАРАФОНЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «АДАЛ ЖОЛ — ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» МАРАФОНЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында ұйымдастырылып, облыс аумағында жүріп өткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол — честный путь» марафоны жаңа облыс орталығы Түркістан қаласында өз мәресіне жетті.

Іс — шараға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев арнайы қатысып, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаевтан эстафетаны қабылдап алды.

Жиында сөз сөйлеген департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев эстафета өткізудің мақсаты — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын жасау арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа бүкіл қоғамды тарту және сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету екенін атап өтіп, «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафонына белсене қатысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хаттар тапсырды.

Айта кетейік, «Адал жол — Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет  қала, аудандардағы жергілікті атқарушы органдарының қолдауымен өтуде. Марафон аясында Түркістан қаласында жалпы 70-ке жуық іс-шаралар,  яғни, семинар-кеңес, пікірталас алаңдары, дөңгелек үстел, кездесу, велошеру, автошеру, спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды. Бұл шараларға жалпы 10 мыңнан аса тұрғын қатысты.

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*