Басты бет » Ауыл жаңалықтары » МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР СЫНҒА ТҮСТІ

Белсенді өмір салтын насихаттау мақсатында Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен облыстың әкімшілік басқарма қызметкерлері арасында «Дене белсенділігі – салауатты өмір негізі!» ұранымен қаладағы «Қайрат» спорт кешенінде шағын футболдан спорттық жарыс өтті.

Барлығы 18 басқармадан қатысқан командалар топ-топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы өткен жарыс қорытындысы бойынша облыстық қаржы басқармасы командасы жоғары сатыдан көрініп I орынға ие болса, II орын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бұйырды. Ал, жүлделі III орынға денсаулық сақтау басқармасы мен отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасы командалары иеленді.

— Ересектердің көбі күні бойы, жұмыс кезінде де, жұмыстан бос уақытта да дене белсенділігі төмен өмір салтын ұстанады. Мысалы, көп жұмыскерлер жұмыс уақытының басым бөлігін қандай да дене белсенділігінсіз немесе болар-болмас дене жүктемесімен отырып өткізеді. Дене белсенділігі деңгейіне кері әсер етуі мүмкін басқа да факторлар бар: қоршаған ортаның сапасы, отырып ойнайтын, соның ішінде теледидар және компьютермен байланысты ойын-сауық түрлерінің басым болуы мен техникалық құралдардың таралуы және адамның аз жаяу жүруі. Сол үшін салауатты өмір салтын ұстануымыз керек,-деді Түркістан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының атқарушы директоры Фарида Байзақова.

 

Өз тілшімізден.

Пікір жазу

Ваш email нигде не будет показанОбязательные для заполнения поля помечены *

*